Ассамблея – бірлікті нығайтатын бірегей құрылым

«Ассамблеяның қажеті бар ма?»

Мемлекет басшысы, сессия отырысында осы сұраққа жауап берді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы – бірлігімізді нығайтуға қызмет ететін, бірегей құрылым екенін атап өтті. «Әрбір азамат бірлікті нығайту үшін қызмет етуі керек. Бұл қызмет ешқашан тоқтамайды, үздіксіз жалғаса береді. Өйткені, бірлік болса ғана, тірлік болады. Біз осы мызғымас қағидаға әрдайым, адал болуымыз керек» деді Президент.

ЦИТАТА

Қасым-Жомарт Тоқаев  Қазақстан Республикасының Президенті:

«Татулық пен келісімнің ерекше маңызды екенін жұрттың бәрі бірдей сезінбеуі мүмкін. Сол себепті кейде «Ассамблеяның қажеті жоқ» деген ұшқары, яғни күмәнді пікірлер айтылып жатады. Шын мәнінде, Ассамблея – мемлекеттілігіміздің іргесін бекітіп тұрған басты институт».