Э. Рахмон: Қазақстан – басты сауда серіктесіміз

Эмомали Рахмон Астанаға мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны және қазақ халқының дәстүрлі қонақжайлығы үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәжікстан Президенті шағын құрамдағы келіссөздің нәтижелі болғанын және бірлескен жобаларды жүзеге асырудың маңызын атап өтті. «Қазақстан бүгінде басты сауда серіктестеріміздің арасында екінші орында. Былтырғы тауар айналымының өсімі 20% асты. Біз басқа салаларда да қарқынды диалог жүргіземіз», - деді Эмомали Рахмон. Сондай-ақ ол әлеуметтік-экономикалық дамудың болашағы мен халықаралық және өңірлік мәселелерді талқылауға дайын екендігін білдірді.