Премьер-министр Ә.Смайылов М.Мәметованың ескерткішіне гүл қойды
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Аты аңызға айналған пулеметші Мәншүк Мәметова студенттік жылдары Медициналық институтта оқи жүріп, Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Хатшылығында жұмыс істеді. 1942 жылғы тамызда ол өз еркімен майданға аттанды. 21-атқыштар дивизиясы мен 100-атқыштар бригадасының құрамында ұрысқа қатысты. Аға сержант атағын алды, пулеметшілер тобының командирі болды. Мәншүк Мәметова 1943 жылғы ерлікпен қаза болып, Невель маңындағы шайқасқа қатысқаны үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алды.