Даңқты батыр Талғат Бигелдиновтың рухына тағзым етілді

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақтың қаһарман ұлы, екі дүркін Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

"Ұшқыр ұшақты еркін тізгіндеп, ұрыс кезінде үлкен ерлік көрсеткен батырдың есімін ұлықтау, оның ғибратты ғұмырын жас буынға кеңінен дәріптеу айрықша маңызға ие. Мұндай қадам бейбіт күннің қадірін арттырып, қасиетін ұғындыра түседі деп сенеміз" деп жазды бұл туралы Сенат спикері өзінің фейсбук парақшасында. Сондай-ақ іс-шара кезінде Мәулен Әшімбаев ардагерлер кеңесінің мүшелерімен жүздесіп, тыл ардагерлеріне ілтипатын білдірді.