Қ. Тоқаев: Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы нығая түседі
Қазақстан Қытаймен байланысты күшейтуге бейілді.
Мұны CCTV телеарнасына берген сұхбатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Қытай біздің сыртқы саясатымызда аса маңызды рөл атқарады. Біз екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті, мәңгілік достықты нығайта түсуіміз керек. Бұл қазақ халқының мүддесіне, нақтырақ айтқанда, ұзақ мерзімді мүддесіне толық сай келеді. Мен осындай саясатты берік ұстануға ниеттімін», - деді Президент.