Қ. Тоқаев: Тайвань – Қытайдың бір бөлігі
«Тайвань – Қытайдың бір бөлігі. Бұл анық».
Сұхбат барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Тайваньға қатысты осындай пікір білдірді. «Екі Қытай болмауы керек. БҰҰ-ның Жарғысында бекітілген барлық мемлекеттің аумақтық тұтастығы туралы қағидат мүлтіксіз сақталуға тиіс. Бұл қағидат Шанхай ынтымақтастық ұйымының Жарғысы мен декларациясына да енгізілді. Сондықтан біз үшін Тайвань – Қытайдың бір бөлігі. Бұл анық. Оған ешқандай шүбә келтірмейміз», - деді Мемлекет басшысы.