Қазақстан мен CNPC серіктестігі нығаяды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайда CNPC компаниясының басқарма төрағасы Дай Хоулянды қабылдады.

Қытайдың ұлттық мұнай-газ корпорациясының басшысы Қазақстан президентімен өзара іс-әрекеттерді нығайту жөніндегі жоспарымен бөлісті. Нақты айтқанда, CNPC компаниясы Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатын арттыру, Қазақстан-Қытай мұнай құбырының өткізу мүмкіндіктерін күшейту және басқа да жобаларға атсалысады. Сондай-ақ, тараптар энергетика саласындағы ынтымақтастық және мұнай мен газды тасымалдау, қайта өңдеу мәселелерін талқылады. Президент CNPC компаниясы еліміздің энергетика саласындағы бұрыннан келе жатқан стратегиялық серіктесі екенін атап өтті.