Қ. Тоқаев Huawei компаниясының төрағасымен кездесті
Сонымен қатар мемлекет басшысы Huawei Technologies компаниясының басқарма төрағасы Лян Хуаны қабылдады.
Кездесу барысында Президентке телекоммуникация саласындағы Қазақстанмен ынтымақтастықты дамыту жоспары таныстырылды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Huawei» мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының теміржол желісін цифрландыру және жаңа технологияларды пайдалану жөніндегі бірлескен жобаны іске асыру туралы мәлімет берілді. Лян Хуа «Huawei» компаниясы кең жолақты қолжетімді интернетті дамытуға және Қазақстанның өңірлік цифрлық хаб ретінде қалыптасуына қатысты зерттеулерді қаржыландырғанын айтты. Мемлекет басшысы «Huawei» базасында IT бойынша білікті қазақстандық мамандарды даярлау жөніндегі жобаны жүзеге асыруды құптады.