Қ.Тоқаев Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің басшысын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзинь Лицюньді қабылдады.
Кездесуде Қазақстандағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктері қарастырылды. Аталған банк қызметін елімізде дамытуға қатысты алдағы жоспары талқыланды.
Президент банкпен арадағы ынтымақтастыққа жоғары баға берді. Қазақстан Қытайдың осы банкті құру туралы бастамасын алғашқылардың бірі болып қолдағанын айтты. 2015 жылдан бері қаржылық ұйім жасыл энергетика саласымен және пандемия салдарымен күреске қатысты жобаларды жүзеге асыруға атсалысып келеді.