Қ. Тоқаев Sun Seven Stars Investment Group басқарма төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Sun Seven Stars Investment Group басқарма төрағасы У Чжэнді қабылдады.
Кездесу барысында қаржы, цифрландыру және онлайн-сауда салаларындағы инвестициялық ынтымақтастық, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығымен өзара іс-әрекет мәселелері талқыланды. Sun Seven Stars Investment Group инвестициялық тобы – Қытайдағы ең ірі жеке медиа және инвестициялық конгломераттардың бірі екендігін айта кету керек.