Президент Тан династиясының Лотос саябағына барды

Қытайлық бизнес өкілдерімен кездескен соң Президент Тан династиясының Лотос саябағына барды.

Мұнда «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысушылар жиналды. Саммит ертең өтеді. Алқалы жиында сарапшылар Қытай мен Орталық Азия елдерінің басшылары негізінен экономикалық байланысты пысықтап, сауда жолдарын белгілейді деп отыр.