Ә. Смайылов Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасымен келіссөз жүргізді
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 7,5%-ке өсіп, 1 млрд доллардан асты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Премьер-министр Әлихан Смайылов Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жаппаровпен келіссөз жүргізді. Кездесу Еуропалық Одақ-Орталық Азия экономикалық форумынның аясында өтті. Тараптар сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, инвестициялар тарту, ауыл шаруашылығы мен су-энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Әлихан Смайыловтың айтуынша, енді сауда айналымы көлемін $2 млрд-қа жеткізу жоспарланып жатыр.