Қ. Тоқаев аймақ қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жайына тоқталды

Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жайын да тілге тиек етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әрі Қытайдың бұл міндетті орындауға зор үлес қосып отырғанын жоғары бағалайтынын атап өтті.

«Қытай аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету ісінде маңызды рөл атқарады. Барлық елдің аумақтық тұтастығын және егемендігін сақтауға қатысты Бейжіңнің ұстанымы еш өзгерген емес. Сондай-ақ өзге мемлекеттердің ішкі ісіне араласпау қағидатынан айнымай келеді», - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қытайдың осы берік ұстанымы ерекше құрметке лайық. Қазақстан да Қытайдың Орталық Азияға қатысты жүргізіп отырған бейбіт сыртқы саясатын құптайды. Біз Бейжіңнің тұрақты дамуға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларын қолдаймыз. Орталық Азияның қашанда ынтымағы жарасқан, жасампаз аймақ ретінде дамығанын қалаймыз. Осы өңірді геосаяси текетірес алаңына айналдыруға қарсымыз.