Еуроодақпен ынтымақтастық. LIVE
Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастық нығаяды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Әсіресе сауда-экономика салаларындағы серіктестікті серпілту жоспарланып отыр. Қазір бұл мәселе Алматыда өтіп жатқан Еуропалық Одақ - Орталық Азия екінші экономикалық форумында талқыланып жатыр. Жиында Үкімет басшысы Әлихан Смайылов бірқатар келісімге қол қойды. Ал бұл келісімдердің Қазақстанға қандай пайдасы бар?
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
- Сауда-экономика, логистика, аса маңызды шикізат өндірісі материалдары өндірі және жасыл экономика саларында бірлескен жобаларды іске асыру бойынша пікір алмастық. Тауарларды жеткізудің жаһандық тізбегін қамтамасыз ету үшін көлік маршруттарын дамытудың маңызы өте зор. Бұл ретте біз Еуропалық Одақтың Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға қатысу мүмкіндігін қарастырдық.