Италия премьері Астанаға келмейтін болды
Италия Премьер-министрі Джорджа Мелонидің Астанаға жоспарланған жұмыс сапары болмайды.
Бұл туралы Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазды.
Айтуынша, Эмилия-Романья аймағындағы жойқын су тасқыны салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Италия Премьер-министрі табиғат апатынан зардап шеккен өңірлерге бару үшін Хиросимада өтіп жатқан G7 саммитінің соңына дейін қатыспай, еліне қайтып барады. Осы себепке байланысты Джорджа Мелонидің Астанаға жоспарланған жұмыс сапары болмайды. Италия тарапы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелонидің телефон арқылы сөйлесуін ұйымдастыруды сұраған.
Айта кетейін, Италияның солтүстігінде кем дегенде 40-тан астам елді мекен су астында қалып, 20 мыңнан астам адам баспанасынан айырылды.
Италияда су тасқыны сейілер емес
Италияда су тасқыны сейілер емес. Елде мұндай апат соңғы 100 жылда болмаған. Алапат тасқын кезінде көз жұмғандардың саны 14-ке жетті. Қазір Эмилия-Романья өңірінде жағдай ушығып тұр. Жергілікті билік екі қаланың тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіріп жатыр. Мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр. Қауіп көрсеткіші ең қиын қызыл деңгейге жеткен. Адамдар спорттық кешендерді, қонақ үйлерді тіпті мұражайларды паналап жүр. Мамандар кей өңірлерде 36 сағат бойы тоқтаусыз жаңбыр жауғанын айтады.