Сенаторлар Атыраудағы АЭА-ны аралады
Атыраудағы «Ұлттық индустриялық мұнай–химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағында бірнеше ірі жоба жүзеге асып жатыр.
Жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін зауыт жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ қуаты 310 МВт болатын газтурбиналық электрстанциясы мен полимерлік қаптамалар шығаратын зауыт бар. Атырау облысына жұмыс сапарымен барған Сенат депутаттары өндіріс орындарының қазіргі тынысымен танысты. Полипропилен өндіретін зауыт пен тұтынушылардың арасындағы байланысты ретке келтіру керегі айтылды. Өйткені алдымен ішкі сұранысты қамтып алу керек, дейді сенаторлар. Отандық тұтынушыларға өнімді арзан бағада сату мәселесі де сөз болды. Депуататтар кабель өндіретін және тоқыма геотекстиль зауытының жұмысымен де танысты.
Сағындық Лұқпанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Полипропилен өндіретін зауыттың өнімі отандық тұтынушылар үшін қолжетімді болуы керек. Біз мәселенінің мән-жайымен танысып жатырмыз. Баға мәселесін реттеу керек екені белгілі. Бұл жұмыстарды әріптестерімізбен бірге талқылап, шешу жолдарын қарастырамыз.