Сингапур президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
Сингапур Республикасының президенті Халима Якоб Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.
Алдымен ол астанадағы Республикалық мешітке барды. Содан соң шетелдік делегация Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерімен кездесті. "Достық үйінде" қонақтарды әжелер ансамблі ән айтып, шашу шашып қарсы алды. Кейін дөңгелек үстел өтті. Онда Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі жайында кеңірек мағлұмат берілді. Ресми бөлімнен кейін мәртебелі қонақтарға "Достық үйінде" экскурсия ұйымдастырылды. Айта кетейік, Халима Якоб, Сингапур президенті болып сайланған алғашқы мұсылман әйел. Ол 2017 жылы ел тізгінін қолына алды.