Әблязов жазалануы тиіс – Франция соты

Мұхтар Әблязов жазалануы керек.

Заң осыны талап етеді. Франциядағы кассациялық сот осындай шешім шығарды. Естеріңізде болса, бұрынғы банкир француз елінде өзіне артылған сенімді пайдаланып, қомақты қаржы жымқырды деген күдікке ілінген. Өткен жылдың желтоқсанында Әблязов саяси босқын мәртебесінен айырылды. Қазақстанда ол бизнес-әріптесін өлтірді және ірі көлемде ақша ұрлады деген айыптармен сотталған. Енді Францияның Апелляциялық сотына қарасты тергеу палатасы БТА банктің экс-басшысының ісін қайта қарайды.

Жоакинито Мария Алого Де Обоно, Халықаралық қылмыстық құқық докторы:

- Жаңадан жасақталған тергеу палатасы бұл істің мерзімі аяқталды ма, соны анықтап, шешім шығарады. Жарамдылық мерзімі аяқталды деген ұйғарым жасалса, мен оған түсінбестікпен қараймын, себебі бұл жоғары сот инстанциясының ұстанымына қайшы келеді. Ондай жағдайда Әблязов экстрадицияланбайды, Қазақстан, Ресей, Украина мен Ұлыбритания аумағында жасаған қылмыстары үшін қудаланбайды. Бірақ жарамдылық мерзімі аяқталған жоқ деген шешім шықса, ол тағылған айыптар бойынша қудаланады. Францияның мемлекеттік және дипломатиялық органдары Қазақстанда жазасын өтеу үшін Әблязовті экстрадициялау туралы шешім қабылдайды деп үміттенемін.