Смайылов Катардағы ірі холдинг төрағасымен кездесті
Премьер-министр Әлихан Смайылов Қатар экономикалық форумы аясында Таяу Шығыстағы ірі конгломераттардың бірі Power International Holding-тің төрағасы Мутаз әл Хайятпен кездесті.
Алпауыт корпорация қызметінің негізгі бағыттары құрылыс, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, денсаулық сақтау салаларын қамтиды. Әлихан Смайылов Мутаз әл Хайятпен бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Үкімет басшысы: Аталған салалар Қазақстан экономикасы үшін басым секторлар, және өзара тиімді серіктестікті дамытуымыз үшін зор әлеуетіміз бар, - деп атап өтті.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
- Біз сауда, ауыл шаруашыылығы, азаматтық авиация, инвестицияларды тарту салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдету мәселесін талқыладық. Қатар біздің еліміз үшін араб әлеміндегі маңызды экономикалық серіктес. Дохамен өзара іс-қимылды екіжақты және көпжақты форматтарда жоғары деңгейде одан әрі жалғастыруға ниеттіміз.
Нұрлан Жақыпов, "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы:
- Бірнеше жыл бұрын біз Қатар тәуелсіз қорымен бірге 200 млн инвестиция жасау туралы келісімге қол қойдық. Ал бүгін QIA бірлесіп ортақ қор құру мәселесін талқыладық. Транспорт саласында да әріптестікті кеңейтуге дайынбыз.