Мәскеуде Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес басталды
Мәскеуде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңесі өтіп жатыр.
Жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатыр. Ал алқалы мәжілісте қандай мәселелер талқыланды?
Дамир Берікұлы, тілші:
- Иә, маңызды жиын бір сағат бұрын басталды. 5 елдің басшылары алдымен шағын құрамда кездессе, қазір кеңейтілген кеңес өтіп жатыр. Дәстүрге айналған Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес әдетте жылына 2 рет өтеді. Негізінен көктемде және күзде. Соңғы жиын былтыр желтоқсан айында Қырғызстан астанасы Бішкекте ұйымдастырылды. Міне, сол кеңесте Еуразиялық экономикалық одақ органдарына биыл төрағалық ету Ресейге тапсырылған болатын. Кешегі Еуразиялық экономикалық форум, бүгінгі кеңес барлығы соның аясында өтіп жатыр. Ал биыл қандай мәселелердің талқылану керектігін кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айқындап берді десек болады. Ол – алдымен кедендік кедергілерді жою, ұйымның жарғысында жоқ түрлі түсініксіз жағдайлардан арылу, ал, ең бастысы экономикалық интеграцияны дамыту. Кеңестің қорытындысы бойынша Президенттер бірқатар маңызды құжаттарға қол қояды.