Қ. Тоқаев А. Лукашенконың сөзіне қатысты өз пікірін білдірді
Солтүстік Қазақстанға сапары барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Беларусь Президенті Александр Лукашенконың сөзіне қатысты өз пікірін білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, Беларусь басшысы Қазақстанға одақтас мемлекеттер құрамына кіру жөнінде ұсыныс тастаған болатын. Осылайша ядролық қару да барлығына, ортақ болады деп айтқан болатын. Қазақстан Президенті Лукашенконың әзілін, оң бағалағанын айтып, бірінші кезекте Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы бірлестік барын атады. «Сондықтан өзге одақтастар, бізге керек емес», - деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Жақында Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко Қазақстанға одақтас мемлекетке кіруді ұсынды. Мен оның әзілін бағаладым. Менің ойымша, бұған еш қажеттілік жоқ, өйткені басқа интеграциялық бірлестіктер, ең алдымен Еуразиялық экономикалық одақ бар. Ядролық қаруға келетін болсақ, бізге ол керек емес. Себебі Қазақстан ядролық қаруды таратпау туралы шартқа және ядролық қаруды сынауға тыйым салу туралы шартқа қосылған. Біз осы халықаралық құжаттар шеңберіндегі міндеттемелерге адал болып қала береміз.