Депутаттар «Қоғамдық бақылау туралы» заңды қабылдады

Мәжіліс отырысында депутаттар «Қоғамдық бақылау туралы» заңды мақұлдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді әскери оқу-орындарының тәрбиеленушілерін және кадеттері мен курсант балаларының тұрмысымен танысу үшін олардың ата-аналары, әскери бөлімдер мен оқу орындарына бара алады. Сондай-ақ  азаматтар петиция беру құқығын тек электронды түрде емес, қағаз түрінде де беруге құқылы болады.

Ал үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері мемлекеттік және квазимемлекеттік ведомстволардың қызметін бақылауға мүмкіндік алады. Бұл заң жобасы әрі қарай Парламент Сенатында талқыланады.