«Байтақ» партиясының төрағасы қалдықты қайта өңдеу мәселесін көтерді
Елімізде кәдеге жарайтын қалдықтарды арнайы заңда «шикізат» деп қарастыру қажет.
Сонда ғана қалдықтарды қайта өңдеу саласының «тамырына қан» жүрігеді. «Байтақ» төрағасы Азаматхан Әміртаев бүгін партияның жиынында осындай ұсыныс тастады. Оның айтуынша, қайта өңдеу саласы Қазақстанда ақсап тұр. Олқылықтың орнын толтыру үшін әр өңір арнайы бағдарлама жасауы керек. Яғни, инвестиция тартуға тұрарлықтай жобалар табыс әкеледі. Жасылдар партиясы бұл әдістің ел экономикасымен қатар экологияға да пайдасы шаш етектен деп отыр.
Азаматхан Әміртаев, «Байтақ» партиясының төрағасы:
- Қазақстанда бұл бағытта жұмыстар жүріп жатыр. Бірақ осы саланың нақты айтқан кезде мақсаттарының бәрі әртүрлі министрліктерге берілген, қоғам өзімен өзі жұмыс жасап жатыр. Кәсіпкерлер өз бағытында мемлекет өз бағытында. Былай айтқанда, біріктіруші бүгін мекеме жоқ. Бұл саланың, нарықтың өзі – жүздеген миллиард көлемдегі нарық. Егер бұл нарықты дұрыс дамытатын болсақ, бұл, біріншіден, көптеген жұмыс орындарын аша аламыз, мыңдаған адамдарға жұмыс орының ашамыз. Екіншіден, мемлекетке түсімді көбейтеміз.