Р.Зайытов: Өзендер мен көлдердің су деңгейі төмендеп барады

Абай облысындағы Аягөз өзенінің су деңгейі соңғы 4 жылда Балтық жүйесі бойынша 558-ден 162 сантиметрге дейін азайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл ауданда тіпті эколог мамандар жоқ. Ал Шығыс Қазақстан облысындағы Маралды өзені ластанып кеткен. Елдегі өзендердің, су деңгейінің күрт төмендеп жатқанын депутат Ринат Зайытов Мәжілістің отырысында айтты. Премьер-министрдің бірінші орынбасарына жолдаған депутаттық сауалында ол аталған мәселе бойынша арнайы комиссия құру керектігін алға тартты. Сондай-ақ оның жұмысына көмек қолын созуды сұрады.