Қазақстан өзін Кореяның Еңбекке рұқсат беру тізіміне енгізуді сұрады
Оңтүстік Корея Сыртқы істер министрі Пак Чжин елімізге іссапармен келді.
Кездесу барысында тараптар күн тәртібіндегі өзекті тақырыптарды талқылады. Атап айтқанда, қос ел азаматтарының еңбек және көші-қон құқықтарын қамтамасыз ету мәселесі қозғалды. Сонымен қатар ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу 2024 жылы Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ель мырзаның елімізге сапарын ұйымдастыру туралы келісімге келгенін айтты. Оңтүстік Кореямен серіктестікті дамыту еліміздің сыртқы саясатының маңызды бөлігі.
Мұрат Нұртілеудің айтуынша, екі ел арасында тұрақты саяси диалог жолға қойылған.
Мұрат Нұртілеу, ҚР Сыртқы істер министрі:
- Министр Пак Чжин мырзамен халықтар арасындағы байланыстың маңыздылығын ескеріп, екі ел азаматтарының еңбек және көші-қон құқықтарын қамтамасыз ету мәселесін ортаға салдық. Өз тарапымнан Қазақстан азаматтарының Кореяда заңды жұмыс істеуіне әсіресе Кореяның «Еңбекке рұқсат беру жүйесінің» тізіміне Қазақстанды қосу еліміз үшін аса маңызды екеніне назар аудардым. Бұған қоса мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты өрістете түсуге қолқабыс көрсету жөнінде уағдаластық.