Президент «Керуен-Medicus» клиникасының жаңа корпусын аралап көрді
Мемлекет басшысы Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары барысында «Керуен-Medicus» клиникасының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент медицина мекемесінің клиникалық-диагностикалық бөлімшесін аралап көрді.
Клиникада ересектер мен балаларға амбулаториялық-емханалық, диагностикалық және стационарлық көмек тек ақылы негізде ғана емес, Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында да көрсетіледі. Мекеме 18 мыңнан астам адамға қызмет көрсетеді.
Президент клиника қызметкерлерімен әңгімелесу барысында арнаулы жоғары технологиялық медициналық мекемелер мен орталықтар ашу маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ олардың аса жауапты еңбегіне табыс тіледі.