Қ.Тоқаевты Шолпан атада Қырғызстан президенті қарсы алды
Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері мен Еуропалық Одақ басшыларының екінші кездесуіне қатысу үшін «Конгресс-Холл» сарайына барды.
Мемлекет басшысын Қырғыз Президенті Садыр Жапаров қарсы алды. Бүгін Шолпан ата қаласында «Орталық Азия – Еуроодақ» форматындағы екінші жоғары деңгейдегі кездесу өтті. Оған Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишель, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев және Түрікменстан Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары Нұрмұхаммет Аманнепесов қатысты. Тараптар саяси, аймақтық серіктестік жайын талқылады. 5 те 1 форматындағы дәл осындай алғашқы кездесу күзде Астанада өткен еді.