Қ.Тоқаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері С.Еслямованы қабылдады
Мемлекет басшысы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Самал Еслямованы қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Кездесу барысында отандық театр өнері және кинематография саласын дамыту мәселелері талқыланды. Президент қоғамның рухани дамуында театр мен кино маңызды рөл атқаратынына тоқталып, аталған салаларға мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетіліп жатқанын айтты. Сондай-ақ отандық фильмдерде тарихымызды, мәдениетімізді дәріптеуге, жастардың бойында патриотизм сезімін қалыптастыруға, рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттауға баса мән беру қажеттігін атап өтті. Ал Самал Еслямова отандық өнер саласын дамытуға қатысты ұсыныстарын айтты.
Самал Еслямова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
- Мемлекет басшысымен кездесуде біз жалпы Қазақстанның өнері, театр өнері, актерлық өнер жайлы сөйлестік. Еліміздің мәдениетіне деген үлесімізді қосамыз деген ойдамыз. Еңбек етем. Қарапайым жылы кездесу болды.