Президент Жоғарғы Сот төрағасын қабылдады

Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мер-ғалиевті қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоғарғы Сот төрағасы сот пен судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету, судьялар корпусын білікті заңгерлермен нығайту, сондай-ақ сот үдерісінде азаматтар мен бизнеске берілетін кепілдікті күшейту міндеттерінің орындалуы жөнінде айтты. Сондай-ақ Президентке еліміздегі сот жүйесін жаңғырту жұмысының барысы таныстырылды. Бұған қоса Асламбек Мерғалиев облыстық сот төрағаларының жауапкершілігін арттыру үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесіндегі реформаларды сапалы жүзеге асыру және қоғамның сенімін арттыру, сондай-ақ азаматтардың құқығын қорғауды күшейту жұмыстарын жалғастыру керектігіне ерекше тоқталды.