Президент Астана әкіміне су тапшылығын шешуді тапсырды
Елорданы сумен қамтамасыз етіп, басқа да жүйелерде дағдарыс болмау үшін Астананың әкімі қысқа мерзімде жүйелі және жедел шаралар қабылдауға тиіс.
Мұны Президент міндеттеді. Мемлекет басшысы Жеңіс Қасымбектің баяндамасын тыңдады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қалыптасқан жағдай Президент Әкімшілігінің бақылауында болады.