Сочиде «Еуразия – біздің үй» халықаралық көрмесі өтіп жатыр

Ресейдің Сочи қаласындағы «Сириус» ғылым және өнер паркінің аумағында «Еуразия – біздің үй» халықаралық көрмесі өтіп жатыр.

Шараға Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен ТМД және Еуразиялық экономикалық одақ желісі бойынша іс-шараларға келген басқа да үкімет басшылары қатысып, көрменің экспозициясымен танысты. Онда Еуразиялық экономикалық одақ елдері түрлі саладағы кооперациялық жобаларын ұсынған. Қазақстаннан теміржол дөңгелектерін шығаратын, ауыл шаруашылығы және мамандандырылған техникалар өндіретін зауыттармен қатар биотехнологиялық препараттар өндіретін фармацевтикалық кешен қатысып жатыр.