Президент Eni компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Президент Eni (ЭНИ) компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальциді қабылдады.
Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы қызметіне қатысты мәселелер, сондай-ақ Қашаған және Қарашығанақ кен орындарындағы маңызды мұнай-газ жобаларын іске асыру жоспары қаралды. Клаудио Дескальци Қазақстанның мұнай-газ саласын одан әрі дамыту жөніндегі консорциум жұмысының негізгі бағыттары туралы баяндады. Атап айтқанда, Қарашығанақта қуаты 4 миллиард текше метр болатын газ өңдеу зауытын салу перспективалары талқыланды. Мемлекет басшысы Eni (ЭНИ) компаниясы елдің энергетика саласындағы стратегиялық серіктестерінің бірі екен, оның біздегі ірі кен орындарын игеруге үлес қосқанын атап өтті.