Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банктің вице-президентін қабылдады
Елімізде көмірсутегі бейтараптығына жету үшін 2035 жылға дейін жалпы қуаты 10 ГигаВатт «таза энергия» өндірісін іске қосу жоспарда бар.
Сондай-ақ Транскаспий көлік бағдарын дамыту жобалары жоспарланған. Бұл туралы Президент пен Дүнижүзілік банктің вице-президенті Антонелла Бассанимен өткен кездесуде айтылды. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Қазақстан Дүниежүзілік банк тарапынан ұзақ мерзімді инвестицияға мүдделі екенін жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік банк осы уақытқа дейін Қазақстандағы түрлі жобаларға 8 миллиард доллардан астам қаржы бөлгенін атап өтіп, қаржы институтының елімізбен серіктестігі жалғасын табатынына сенім білдірді. Антонелла Бассани Қазақстан мен Орталық Азия аймағында жүзеге асырылып жатқан жобалар мен алдағы жоспарларды баяндады.