Жаңа Төтенше жағдайлар министріне біраз міндет жүктелді
Әлихан Смайылов Төтенше жағдайлар министрлігінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Үкімет басшысы Сырым Шәріпхановқа ведомство алдындағы міндеттерді түсіндіріп, әсіресе Абай облысындағы ірі табиғи өртті оқшаулау және жоюға көңіл бөлуді тапсырды. Сонымен қатар мұндай қауіп-қатердің алдын алу үшін сақтық шараларын орындау деңгейін арттыруды ескертті. Азаматтық қорғау органдарының жұмысы мен жылдамдығына көп нәрсе байланысты, - деді Әлихан Смайылов.
Еске салайық, Сырым Шәріпханов әр жылдары Жамбыл облысының Азаматтық қорғаныс штабында, Республикалық дайындық және оқыту орталығы мен Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер департаментінде жауапты қызметтер атқарды.