Әлихан Смайылов Абай облысындағы орман өртін сөндіруге қатысты кеңес өткізді

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Абай облысындағы орман өртін сөндіруге қатысты кеңес өткізді.

Қазірдің өзінде тілсіз жау 60 мың гектардан астам жерді шарпыған. Өрт Талица, Каштак, Барышевка, Успенка, Поднебесное және Камышенка елді мекендеріне қарай үш бағытта таралуда. Жақын маңдағы аумақты қалың түтін басты, бірақ оттың қарқыны қатты емес. Төтенше жағдайлар министрлігі осындай ақпарат беріп отыр. Өңірде жауған жаңбыр да құтқарушыларға қолқабыс болды. Елді мекендерге төнген қауіп сейілді. Отырыста Әлихан Смайылов оқиға орнына қосымша техника мен қызметкерлерді жедел жеткізуді талап етті. Ведомствао басшыларына зардап шеккен отбасыларға әлеуметтік, медициналық көмек көрсету және бос қалған баспаналарда ұрлық-қарлықтың алдын алу тапсырылды.