Еліміз «Аусылдан таза мемлекет» тізіміне ене алмай отыр. LIVE
Солтүстік және батыс аймақтардағы фермерлердің мал экспорттауға құқы жоқ.
Былтыр қаңтар айында Қарағанды облысында тіркелген аусылдан 9 облыс зардап шегіп отыр. Яғни, Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы саламатты мәртебеден айырды. Ал, биылғы наурыз айында шығыс және оңтүстіктегі бес облысқа саламатты мәртебе қайта берілді. Дегенмен халықаралық ұйымның тыйымы мал шаруашылығына ауыр соққы болып тұр. Бүгін өткен Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов Ауыл шаруашылығы министрлігін сынға алды.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
- Сондай-ақ Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының желісі бойынша Қазақстан ұзақ уақыт бойы аусылдан таза мәртебесін ала алмай отыр. Бұл жұмысты биылғы мамыр айында аяқтау жоспарланған болатын. Бірақ, ол уақытылы жүргізілмеді. Бұл отандық мал шаруашылығы өнімдері жеткізуі географиясын кеңейтуге, оны өндіруді ынталандыруға мүмкіндік бермейді. Яғни бұл ветеринариялық қызметінің әлсіз жұмысының дәлелі екенін атап өткім келеді.
Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
- Негізі өзіміздің жоспарымыз бойынша екінші рет ескертулер бәрі жойылғаннан кейін 2024 жылы өңірлерге мәртебені алу үшін құжаттаманы тапсыратын боламыз. Біз негізі оңтүстік, шығыс облыстарына мәртебе расталғанын ескере отырып, сол облыстардан аймақтандыру жасап, малды экспортты Қытай Халық Республикасына, Ресей Федерациясына ашу мүмкіншілігін қазір қарастырып жатырмыз.