Қазақстан Халықаралық еңбек ұйымының сессиясына қатысып жатыр

Халықаралық еңбек ұйымы Қазақстанның бастамаларын қолдайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе 1 шілдеден бастап біздің елде күшіне енетін «Отбасының цифрлық картасы» жобасы көптің көңілінен шыққан. Женевада өтіп жатқан ұйымның ХІ сессиясына Қазақстан делегациясы қатысып жатыр. Жиында жаңа стандарттар бекітіліп, қарар қабылданады.

Қазақстанның Халықаралық еңбек ұйымына мүше болғанына биыл 30 жыл. Осы уақыт ішінде еліміз БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу, әлеуметтік-еңбек саясатын халықаралық бірлестік стандарттарымен үйлестіру және әлеуметтік әріптестікті нығайту бойынша көп еңбек атқарылды. Ұйымның ХІ сессиясында делегациямызды бастап барған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі осы туралы баяндады.

Ақмәди Сарбасов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі:

- Кейінгі 1 жылда Қазақстанда заңға біқатар өзгеріс енгізілді. Олар, мәселен, ұжымдық еңбек дауларын реттеуге бағытталған. Посткеңестік кеңістікте алғаш рет біздің елімізде әлеуметтік кодекс ретінде жаңа кодификацияланған актілер қабылданды.

Бірінші вице-министр саладағы жаңалықтармен де бөлісті. 1 шілдеден бастап елімізде «Отбасының цифрлық картасы» атты жоба іске қосылады. Ол 9 миллион отбасының әл-ауқаты деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Жоба аясында жұмысынан айырылып не еңбекке жарамсыз болып қалған жағдайда оларға әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

Ақмәди Сарбасов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі:

- Отбасы мүшелері асыраушысынан айрылып қалуы мүмкін. Осындай жағдайда мемлекет тарапынан төлемдер жасалады. Бұл – бюджеттен бөлінетін ақша. Оның үстіне әлеуметтік сақтандыру қоры да жәрдемдеседі.

Сергеус Гловацкас, Халықаралық еңбек ұйымы Еуропа және Орталық Азия бөлімінің меңгерушісі:

- Қазақстан – өнеркәсіптік мемлекет. Сіздерде ірі зауыттар бар. Мұнай өңделеді. Сол себепті сіздерде еңбек қауіпсіздігі, әлеуметтік қорғау, кәсіподақтардың жұмысы өзекті мәселердің қатарына жатады. Біз халықаралық нормалар мен конвенцияларды бекітеміз. Оларға Қазақстан да қосылып отыр.

Қазақстан Халықаралық еңбек ұйымының 25 конвенциясын бекіткен. Соның ішінде «Бірлестіктер еркіндігінің құқы туралы» құжат та бар. Ол жұмыс беруші мен қызметкерге өз құқықтарын республикалық, сондай-ақ жергілікті деңгейде іске асыруға мүмкіндік береді.

Жұмабек Жанықұлов, Жұмыс берушілер конфедерациясы президиумының төрағасы:

- Әлеуметтік-әріптестік заң жобасында, сол заң жобасы аясында соның диагностикасың, анализын жасауға әріптестерімізбен Қазақстанда Халықаралық еңбек ұйымымен бірге сол жұмысты бастап кеттік. Жұмысшымен жұмыс берушімен арасындағы талдауларды халықаралық стандартқа енгізу, сол жобалардың халықаралық дендейге жеткізу жобасында біз жұмыс берушілер жаңағы бизнестын атынан біз өз ойымызды жеткізіп отырмыз.

Сессия барысында Халықаралық еңбек ұйымының өкілдері өз ұсыныстары мен стандарттарын іске асыру бойынша техникалық қолдау көрсетуге әзір екендерін жеткізді.

Авторлары: Жұлдыз Атагельдиева, Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов.