Президент ҚХР төрағасына құттықтау жеделхатын жолдады

Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің 70 жас мерейтойына орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Президент Қытайдың саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларын дамытуға және халықаралық аренадағы жоғары беделін ілгерілетуге, Си Цзиньпиннің қосқан жеке үлесін жоғары бағалады. Президент Қазақстанның екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін айтты. 

Біздің бірлескен күш-жігеріміз, екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және Қазақстан мен Қытай арасындағы көпжақты серіктестікті, сапалы жаңа деңгейге шығаруға толық ықпал ететініне сенімдімін, - деп жазылған жеделхатта.