Келесі Ұлттық құрылтай Сарайшықта өтеді
Айта кету керек, Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы былтыр ұлт ұясы Ұлытауда өткен.
Биыл киелі Түркістанда бас қосып, елдік мәселелер талқыланды. Енді Президент ел тарихында айрықша орны бар тағы бір аймақ барын атады. Ол – Атырау облысы. Ондағы әйгілі Сарайшық қаласында атақты хандарымыз ордасын тіккен. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың келесі отырысын осы шежірелі аймақта өткізуді ұсынды.