Қ. Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді. 

Президент елде экономикалық және құқықтық өзгерістер саяси реформалармен қатар жүзеге асырылуы қажет екенін айтты. Сондай-ақ, елдегі өзезкті мәселелрдің шешу жолы талқыланды. Энергетика саласы мен тиімді тариф саясатын дамыту жөніндегі шараларға мән берілді. Президент «Тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасын тиімді әрі уақытылы жүзеге асыру Үкіметтің басты міндеті екенін айтты. Сонымен қатар, кадр тапшылығы мәселесін жедел шешу жөнінде тапсырма берді. Кеңесте ұлттық жобаларды әзірлеу мәселесі де назардан тыс қалмады. Қасым-Жомарт Тоқаев «Жайлы мектеп» және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобаларын уақытылы әрі сапалы жүзеге асыру қажет деді. Одан бөлек, халықты қолжетімді және сапалы интернетпен қамтамасыз етуді тапсырды.