Париждегі жарылыстан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ
Парижде жарылыс болып, 37 адам жарақат алды.
Жапа шеккендердің төртеуі ауыр халде жатыр. Құтқарушылар үйінділер астында тағы 2 тұрғын болуы мүмкін дейді. Төтенше оқиға шаһар орталығындағы Париж америкалық академиясында болды. Жарылыстан кешеннің алдыңғы қабырғалары қирап қалған. Алдын ала тергеуге қарағанда газ балоны жарылған. Кей тұрғындар жарылыс болар алдында газдың иісін сезгендерін айтады. Тергеу жүріп жатыр.
Квентин Юбертис, Париж қаласының тұрғыны:
- Шіркеу алдында телефонмен сөйлесіп тұрған уақытта қатты жарылыстың дыбысы естілді. Тіпті құлағым шыңылдап кетті. Жалма-жан қауіпсіз жерге барып тығылдым.
Лоран Нуньес, Париж қаласы полициясының басшысы:
- Әзірге жарылыстың нақты себептерін айта алмаймын. Ғимарттағы жалынды сөндіруге 270 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Қазір өрт өшірілді. Жапа шеккендерді іздестіру жалғасып жатыр.
Ақпарат құралдары таратқан мәліметке қарағанда ғимаратта сән мектебі болған. Жақын маңдағы үйлерден 20 отбасы эвакуацияланған. Оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Еліміздің сыртқы істер министрлігі берген мәліметке сай, зардап шеккендердің ішінде қазақстандықтар жоқ.