Әлихан Смайылов ресми сапармен Грузияға барды

Әлихан Смайылов Әзербайжаннан кейін ресми сапармен Грузияға барды.

Тбилиси әуежайында Үкімет басшысын Грузия Премьер-Министрінің орынбасары – экономика министрі Леван Давиташвили мен Қазақстанның Грузиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мәлік Мырзалин қарсы алды. Грузия астанасында Әлихан Смайылов ел Премьер-Министрі Ираклий Гарибашвилимен келіссөз жүргізеді. Сауда-экономикалық ынтымақтастық, энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы және туризм салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланады.Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылады деп жоспарланған.