Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Құрбан айт – бірлік пен берекенің және мейірімділік пен қайырымдылықтың мерекесі.

Сенат Төрағасы әлеуметтік желідегі құттықтауында осылай деп жазды. Мәулен Әшімбаев Айт күндері барша мұсылман өзара қамқорлық пен жанашырлыққа баса мән беріп, мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге асығатынын атап өткен.