Мәжіліс төрағасы Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Құрбан айт – мейірімділік пен қайырымдылыққа, жақсылық пен жасампаздыққа үндейтін, ізгілікке толы мейрам.
Сондықтан осы күні әрбір азамат мұқтаж жандарға көмектесуге, араздасқан адамдармен татуласуға ұмтылады. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов күллі мұсылман қауымы үшін ең ұлық мейрам – Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Игі амалдардың барлығы егемен еліміздің береке-бірлігін, ынтымағын арттырып, тұтастығы мен тұрақтылығын нығайтуға септігін тигізері сөзсіз делінген құттықтауда.