Мемлекет басшысы Бала құқықтары жөніндегі уәкілді қабылдады

Ақорда

Елде балалар арасында зорлық-зомбылық пен буллинг азаймай тұр.

Бұл бағытта ата-аналармен, қоғамдық ұйымдармен, мүдделі мемлекеттік құрылымдармен тығыз жұмыс істеу маңызды. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Президент балалардың құқығын қорғау мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі екенін айтты. Елде отбасын қолдау орталықтарын ашу, әлеуметтік қолдауды күшейту, балалардың қауіпсіздігі үшін заң талаптарын қатаңдату қажет. Мемлекет басшысы балалар омбудсменіне өз міндетін тиісті деңгейде атқаруы үшін жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.