Қазан айында Әлемдік діндер съезі хатшылығының XXI отырысы өтеді
Қазан айында Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары құрылтайы хатшылығының XXI отырысы өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оған Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев басшылық етеді. Алда әлі 3 ай болса да, дайындық жұмыстары қазірден бастап жүріп жатыр.
Естеріңізде болса, былтыр 14-15 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елордада Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің VII съезі өтті. Құрылтайға Ватикан мен Католик шіркеуінің басшысы Рим Папасы Франциск, әл-Азһар шейхы, Жоғары мәртебелі имам Ахмет ат-Тайеб сынды дін басылары келген болатын.
Руслан Ибраев, әлеуметтанушы
- Қазақстан өзінің жаңадан құрылған астанасында бір үлкен діндерді диалогқа шақыратын үлкен бір алаң ұсынды. Бұл алаңды біз қазір бәріміз біліп жүргендей, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі болды. Ең алғашқы съез 2003 жылы өткізілді. Ол кезде біз өз тәжірибемізді әлемге бөлістік.