Тоқаев Мирзиеёвті сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті Өзбекстан Республикасының Президенті сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады.

Мемлекет басшысы дауыс беру қорытындысы елді орнықты дамытуға, оның тұрақтылығы мен өркендеуін қамтамасыз етуге бағытталған Өзбекстан Президенті ұстанымының жалпыхалықтық қолдауға ие болғанын айқын көрсетеді деп атап өтті. Осыдан соң Президент қазақ-өзбек қатынасын стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады. Соңында тараптар бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты жүзеге асыру мәселелері жөнінде пікір алмасты және алдағы екіжақты іс-шаралар кестесін қарастырды.