Ерлан Қошанов Түркістан облысына барды
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Түркістан облысына барды.
Ол аймақта жүзеге асырылып жатқан партиялық жобалардың жай-жапсарымен танысты. Айтап айтқанда Және аталмыш бастамаларға қатысып жатқан аймақ тұрғындарының ахуалы түзелген. Шаруашылығын дөңгелетіп отырғандар көп екен.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Түркістан облысындағы «Қарызсыз қоғам» жобасына қатысушылармен кездесті. Оның сөзінше, елде 7,5 млн адам банкке борышкер. 1,5 миллион азамат несиесін кешіктіріп жүр. «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында барлық өңірден 20 мыңнан астам адам оқытылды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 80 мыңға жеткізіледі. Түркістан-Қызылорда бойынша өңіраралық палатасының кеңесшісі Әлия Амантаева жобаға қызығушылық күннен-күнге артып жатқанын айтады.
Әлия Амантаева, заң бойынша кеңесші:
- Үлкен бұл жобаға шынымен рахметімді айтам. Себебі халық келеді, керекті кеңестерін алып, көп нәрсеге көзі ашылып, қаржы пирамидаларына немесе басқа да несиелерін алып, банкроттыққа үлгере алмай адамдар бар. Солардың бәрі келіп, тегін кеңестерін алып, өздерінің шешімдерін қабылдап жатады.
Ерлан Қошанов Түркістан облысына жасаған сапарында "Ауыл аманаты", "Жер аманаты" және "Құқықтық көмек" партиялық жобаларына атсалысқан жандармен де кездесті. Биыл еліміз бойынша "Ауыл аманаты" жобасына 17 мың адам қатыспақ.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
- Азаматтардың тұрмысын түзеп, әл-аухатын арттыру ол біздің Президенттің, партиямыздың түпкі мақсаты. Әр тұрғынға балық бермей қармақ беру. Сіздерге өз шаруаларыңызды ашып, әрі қарай жүргізуге мүмкіндік беру. Мен әдейі жүргізіп жатқан жобаларамыз осы Түркістан өңірінде қалай іс жүзінде нақты іске асып жатқанын көру үшін әдейі келдім.
Мәжіліс спикері Ақсукент және Құтарыс ауылдарындағы мектеп пен жаңа спорт кешенінің жұмысымен танысты. Қос нысанды жергілікті меценаттар салып берген. Ерлан Қошанов өзінің нағыз патриот екенін сөзімен емес, ісімен дәделдеп жүрген кәсіпкерлердің көпке үлгі екенін айтты.
Мерей Мұратханқызы