Депутаттар Павлодар облысындағы әлеуметтік нысандарды аралады
Ақсудағы әлеуметтік нысандардың құрылысында олқылықтар бар.
Павлодар облысына жұмыс сапарымен барған мәжіліс депутаттары осыған куә болды. Амантай Жарқынбек пен Нұржан Әшімбетов проблемалық нысанға айналған фельдшерлік амбулатория мен дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін аралады. Құрылыс бекітілген кестеден кешігіп жатыр. Депутаттардың айтуынша, жоба толықтыру мен түзетуді қажет етеді. Яғни жұмыс көлемі артуы мүмкін. Сонымен қатар мәжілісмендер Ақсу қаласындағы магистральдық және таратушы жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты. Сапар соңында азаматтарды қабылдап, талап-тілектерін тыңдады.