«Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң нені қарастырады?
Мемлекет басшысы «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға қол қойды.
Заң сыртқа кеткен қыруар қаржымен қатар ел ішіндегі ірі нысандардың активтері, дүние-мүлкі мен төленбей қалған салықты қазынаға қайтаруды қарастырады. Құжаттың мақсаты – атауында белгіленгендей, заңсыз иемденген активтерді мемлекетке қайтару. Бұл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ресми өкілі атап өткендей, заң олигополияға қатысы бар, яғни бұрын-соңды билік тізгінін ұстаған, не квазимемлекеттік компанияларды басқарған тұлғаларды тексеруге жол ашады.
Зейін Әліпбек, Активтерді қайтару бойынша ведомствоаралық комиссияның ресми өкілі:
- Олигополия өкілінің немесе жемқорлыққа барған тұлғаның көлік жүргізушісі, танысы, ағайын-туысы болуы мүмкін. Яғни, заңсыз алынған активтерді сол азаматтардың атына жазып қою. Яғни, бұл заңды бұзған адамдардың барлығы да түгелдей жауапқа тартылуы тиіс деген норма ұсынылған, осындай ерекшелік енгізіліп жатыр.